Германияда зауыттар жарты күндік жұмысқа көшті

1157

Алдағы уақытта өңдеумен айналысатын компаниялардың 8,5 пайызы жұмысшыларын жарты күндік жұмыс режиміне көшіреді.

Германияда зауыттар жарты күндік жұмысқа көшті

Неміс өндірісі жарты күндік жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Atameken Business.

Экономикалық өсімнің баяулауы, еңбек нарығына да әсер етуде. Алдағы уақытта өңдеумен айналысатын компаниялардың 8,5 пайызы жұмысшыларын жарты күндік жұмыс режиміне көшіреді.

Өткен жылдың екінші жартысынан бастап, Германия өндірісінде рецессия басталды. Күрделі кезеңде жұмыс орнын сақтап қалу үшін кәсіпкерлер 44 мың адамды жарты күндік жұмысқа ауыстырды. 3 айдан соң олардың біразы қысқартылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу