Қазіргі таңда Люденшайд қаласында салынған бұл зауыт 800-ге жуық адамды дұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорында электр жабдықтары жасап шығарылады.
Нысанда күн көзін энергияға айналдыратын үлкен жүйе бар. Ол жылына шамамен1100 мегаватт-сағат өндіретін көрінеді.
"Бұлтсыз күні зауыт электр желісіне қосылмай-ақ жұмыс істей алады. Мұндай күндері кәсіпорын энергияны тиісті нормадан 14 пайызға артық өндіреді", – дейді ABB бөлімшесінің директоры Тарак Мехта.
"Біздің стратегиямыз – 800 адам жұмыс істейтін жердің көміртегі шығармайтын жүйеге оңай ауыса алатынын көрсету. Бұл ретте өндіріс көлемі өзгермейді, жұмыс осы қарқында жалғаса береді", – дейді ABB өкілі.
Табиғат Нұрболат