Германия астанасы Берлинде төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды 24.kz.
Оған толассыз жауған нөсер себеп. Соның кесірінен көптеген үйдің бірінші қабаты көлкіген су астында қалған. Көшедегі көлік қозғалысы шектелді. Ал әуежайда жүздеген сапар кейінге шегерілген. Сондай-ақ елдің шығысында өзендер арнасынан тасып, біраз өңір тұрғындары жапа шеккен. Ал мамандар алдағы күндері нөсер жауын болатынын айтып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу