Германиядағы автокөлік компаниялардың пайдасы төмендеді

304

Сарапшылар бұл тенденцияға алаңдаушылық білдіріп отыр.

Германиядағы автокөлік компаниялардың пайдасы төмендеді Фото: Ronny Hartmann/AFP

2025 жылдың үшінші тоқсанында Volkswagen, BMW және Mercedes-Benz автоконцерндерінің операциялық табысы 2024 жылдың осы кезеңіне қарағанда шамамен 76%-ға құлдырап, 1,7 миллиард еуроға дейін төмендеген. Бұл – 2009 жылдың үшінші тоқсанынан бергі ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Германияның аудиторлық-консалтингтік компаниясының зерттеуіне сәйкес, бүгінде неміс автоконцерндерінің жағдайын 2008-2009 жылдардағы дағдарыс кезеңімен салыстыруға келеді. Ірі автокөлік өндіруші компаниялары бар елдердің ешқайсысында мұндай көрсеткіштер тіркелмеген. Мәселен, жапон автокомпанияларының операциялық табысы осы кезеңде шамамен 29%-ға, ал АҚШ пен Қытайда шамамен 14%-ға қысқарған.

EY компаниясының автосарапшысы Константин Галльдің сөзінше, неміс автоконцерндері айтарлықтай зардап шегіп жатыр. Бұған қымбат премиум көліктерге деген сұраныстың азаюы, АҚШ-тың кедендік баж салығы, валюта бағамының әсері, сондай-ақ өндірісті жаңғырту мен электромобильдерге салынған инвестициялардың тым көп болуы себеп болып отыр.

Тағы бір автоcарапшы Фердинанд Дуденхёффердің айтуынша, келесі жылы да Германиядағы автокөлік өндірісі төмендеуі ықтимал. 2027 жылға қарай Германиядағы автозауыттарда жұмыс істейтін адамдар саны қазіргі 720 мың адамнан 650 мың адамға дейін қысқаруы мүмкін, дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу