Германиядағы банкке ұрылар түсіп, 30 млн еуроны қолды еткен

156

Бұл – Германия тарихындағы ең ірі банк ұрлығының бірі.

Германиядағы банкке ұрылар түсіп, 30 млн еуроны қолды еткен Фото: depositphotos.com

Германияның батысындағы Гельзенкирхен қаласында белгісіз біреулер Sparkasse банкінде жалпы құны 34 миллион еуро болатын ақша мен бағалы заттарды алып кеткен. Бұл туралы Bild газеті жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, ұрлықшылар кеңсе қабырғасын тесіп, тікелей Гельзенкирхендегі банк қоймасына кірген. Кейін олар сейфтерден ақша мен бағалы заттарды алып, ізін суытқан.

Басылымның жазуынша, банкте әртүрлі көлемдегі шамамен 3,3 мың сейф бар. Олар жалпы саны 2,7 мың клиентке жалға берілген. Кейбір клиенттер бірнеше сейфті пайдаланып, әрбір сейф 10,3 мың еуроға дейін сақтандырылған.

"Есептеулер бойынша барлық ұяшықтар тоналған жағдайда, сақтандыру шығыны 33,9 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін", – деп жазады Bild.

Дүйсенбіден бастап банк бөлімшесінің алдына жиналған 200 клиент наразылығын білдірген. Олар болған оқиға туралы толыққанды ақпарат беріліп, өтемақы талап етіп жатыр. 

Келтірілген шығын туралы нақты айту қиын. Себебі сейф ұяшықтарының ішіндегі заттар құпия болған. Associated Press агенттігі жалпы шығын көлемі 10 миллионнан 90 миллион еуроға дейін бағаланып отырғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу