Германия әуежайларындағы жалақы мәселесіне қатысты ереуілдерге байланысты бірнеше қазақстандық әуе рейсі кейінге шегерілді, деп хабарлайды 24.kz.
Мәселен, Алматыдан Франкфурт қаласына таңғы сағат 4:40-та ұшуға тиіс әуе кемесі кешігіп ұшатын болды. Ал түнгі сағат 12:50-ге жоспарланған Франкфурт-Алматы рейсі кейінге қалдырылды. Сондай-ақ Германияның осы қаласынан Астанаға таңғы сағат 5:40-та ұшып келуге тиіс әуе кемесінің де ұшу кестесі өзгерген.
Айта кетейік, әуе рейстерінің кейінге шегерілуі жайлы ақпарат сәт сайын жаңарып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу