Германиядағы ереуілдерге байланысты шегерілген рейс билеттерінің ақшасы қайтарылды

829

 Қазақстан мен Германия арасындағы бірқатар рейс кейінге шегерілді.

Германиядағы ереуілдерге байланысты шегерілген рейс билеттерінің ақшасы қайтарылды

Франкфурт әуежайының қауіпсіздік қызметінің ереуіліне байланысты Қазақстан мен Германия арасындағы бірқатар рейс кейінге шегерілді. "Эйр Астана" және Lufthansa әуекомпаниясының хабарлауынша, рейстер шегерілетіні туралы алдын-ала ескертілген. Жолаушылардың қалауы бойынша билеттер ауыстырылды, сондай-ақ билеттің толық құны қайтарылды. Бұл туралы азаматтық авиация комитетінен хабарланды.

Айта кетсек, Германияда Verdi кәсіподағы наразылық шеруін ұйымдастырды . Олар биліктен әуежайдағы қауіпсіздік қызметкерлерінің жағдайын жасауды және жалақысын көтеруді  талап етеді.

Ұйымға 23 мың жұмысшы мүше. Олардың қызметінің аса қауіпті екенін ескерткен кәсіподақ жұмыс істеген әр сағатқа 20 еуро қосылуы керек дейді. Алайда жұмыс берушілер  оған келісер емес. Қазір олар сағатына 17,60 еуро төлеп отыр. Егер ұсынысты мақұлдайтын болса, шығын екі жарым есе көбейеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу