Берлиндегі Мұстафа Шоқайдың зираты сүрілгелі жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, зират ешқайда көшірілмейді.
"Берлиндегі Мұстафа Шоқайдың зиратын бұзып, қиратып, басқа жерге көшіргелі жатқаны туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат жарияланып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі елшілік қызметкері дереу барып, зират қызметкерлерімен сөйлесіп, фото, видеоға түсіріп, бәрін өз көзімен көріп келді. Мұстафа Шоқайдың зираты орнында тұр, ешқайда көшірілмейді", деді Айбек Смадияров.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу