Германиядағы наразы топ НАТО-ны таратуды талап етіп отыр

897

Германиядағы наразы топ НАТО-ны таратуды талап етіп отыр

Германияда Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қарсы жаппай ереуіл өтті, деп хабарлайды 24.kz. 

Шаһар көшелеріне 100-ден астам наразы топ өкілдері шыққан. 2 мың белсенді НАТО-ны таратуды талап етіп отыр. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бас көтерулер бейбіт түрде өткен.

Айта кетейік, қазір Германияда қауіпсіздік бойынша Мюнхендік конференция өтіп жатыр. Бұл отырысқа НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрліктерінің өкілдері қатысады. Биыл конференцияға 500 қатысушы келген, олардың қатарында 20-дан астам елдің басшылары мен премьер-министрлері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу