Германиядан гуманитарлық жүктер жинақталып барып, бір-ақ жеткізіледі – СІМ

635

Қазақстанның дипломатиялық миссияларына ұсынылған барлық гуманитарлық жүктер еліміздің Франкфуртта орналасқан Бас консулдығында жинақталады.

Германиядан гуманитарлық жүктер жинақталып барып, бір-ақ жеткізіледі – СІМ

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Германиядағы қазақ диаспорасы мен ондағы отандастар тарапынан ұсынылған гуманитарлық көмектің "репатриациялық" чартерлік рейстермен жеткізілетінін хабарлады.

"Қазіргі таңда Германия мен Қазақстан арасында тікелей тұрақты әуе қатынасы болмағандықтан, барлық гуманитарлық көмек "репатриациялық" чартерлік рейстермен Майндағы Франкфурт қаласынан жеткізіледі",– дейді ведомстводан.

Қазақстанның дипломатиялық миссияларына ұсынылған барлық гуманитарлық жүктер еліміздің Майндағы Франкфурт қаласында орналасқан Бас консулдығында жинақталып, содан кейін ғана бір үлкен партиямен елге жолданбақ.

"Қазіргі уақытта ҚР Франкфурттағы Бас консулы Ермұхамбет Қоныспаев қазақ диаспорасының өкілдері – European Kazakh Forum бірлестігі мүшелерімен байланыста. Олар бірлестік жинақтаған гуманитарлық көмекті әрі қарай Қазақстанға жолдау үшін тікелей Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласында орналасқан Бас консулдығына жеткізу бойынша өзара уағдаластыққа қол жеткізді. Тамыз айының ортасында гуманитарлық көмектің келесі партиясын жолдау жоспарлануда",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу