Биыл елімізден Германияға жөнелтілген тауар көлемі 69 мың тоннаға азайған. Сәуір айының статистикасына сәйкес қатты қалдықтар мен бағалы металлдарды жөнелту 64 пайызға қысқарыпты.
Сондай-ақ, сутегі және инертті газды тасымалдау 36 пайызға, мұнай жөнелту 34 пайызға төмендеді. Ал кей тауар түрлері бойынша ілгерілеушілік бар. Мәселен, ағаш қорапшалардың тасымалы 80 есе, электр сымдарын жеткізу 2 жарым есе көбейген. Есесіне, Германиядан елге келген импорттық тауарлардың тасымалы 60 пайызға көбейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу