Германияға ЕО-дан шығуға кеңес берілді

958

Бұған дейін жергілікті саясаткер ЕО мен АҚШ-тың Ресей Федерациясына қарсы санкцияларын сынға алған еді.

Германияға ЕО-дан шығуға кеңес берілді

"Германияға арналған балама" партиясының тең төрағасы Тино Хрупалла ресми Берлинді Еуропалық одақтан шығуға үндеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті Die Welt газетіне сілтеме жасап.

Оның пікірінше, Германия жаңа еуропалық экономикалық мүдделер тобын құруы керек.

"Германия ЕО-дан шығып, жаңа еуропалық экономикалық мүдделер тобын құруы қажет", – деді ол.

Сонымен қатар  Хрупалла 1945 жылдан кейін одақтастары ұйымдастырған "психологиялық соғыс" немістердің ұлттық бірегейлігінің қалыптасуына әсер еткенін атап өтті.

Бұған дейін ол ЕО мен АҚШ-тың Ресей Федерациясына қарсы санкцияларын сынға алып, шектеулердің салдары жойқын болатынын мәлім еткен еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: europeanceo.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу