Германияның алып компаниясы 4 мың қызметкерін қысқартады

389

Себебі жұмыс үдерістері цифрландырылып жатыр.  

Германияның алып компаниясы 4 мың қызметкерін қысқартады Фото: Depositphotos.com

Германияның Lufthansa компаниясы 2030 жылға дейін әкімшілік саласындағы 4 мың жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Lufthansa концерні 2030 жылға дейін компанияның әкімшілік саласында жұмыс істейтін 4000 қызметкерді жұмыстан босатуды жоспарлап отыр. Бұл өзгерістер жұмыс үдерістерін цифрландыру мен автоматтандыру аясында жүзеге асады делінген. 

Бұдан басқа Lufthansa операциялық табыс бойынша өз мақсатты көрсеткіштерін 8 пайыздан 10 пайызға дейін арттырды. Компания басшылығының мәлімдеуінше, биыл операциялық табыс өткен жылға қарағанда едәуір жоғары.

Бүгінде Lufthansa-да шамамен 103 мың қызметкер жұмыс істейді. Lufthansa әуе компаниясынан бөлек, концерн құрамына Swiss Airlines, Austrian және Brussels Airlines секілді басқа да әуе компаниялары бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу