Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға келген Германияның федералдық канцлері Олаф Шольцті Ақордада қарсы алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ақорданың салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеді. Мемлекет басшысы мен мәртебелі мейман бір-біріне министрлерді таныстырды. Президент оркестрі екі елдің Әнұранын орындап болған соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц шағын құрамда келіссөз жүргізуге кетті.
Мемлекеттік сапар аясында екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу