Германияның қалаларында "Айка" фильмі көрсетіледі

772

Берлинде Самал Еслямова басты кейіпкерін сомдаған "Айка" фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Германияның қалаларында "Айка" фильмі көрсетіледі

Көрсетілім ұйымдастырылған Хакише Хёфе кинотеатрында бос орын болмаған, деп хабарлайды 24.kz.

Көптеген халықаралық байқауларда марапатталған, оның арасында  Германияның Коттбус қаласында Гран-Приге ие болған бұл картинаны көру үшін жұрт өзге қалалардан да арнайы келген.

Канн фестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова көрсетілімнен кейін көрермендермен кездесті. Актриса алты жылға созылған бұл еңбектің зая кетпей, өз көрермендерін тапқанына риза.

"Әрине алты жыл бойы түсірілген фильм өмірімнің бір бөлігі. Қаншама күш пен уақыт кетті, әрбір қимылымды жаттықтырдым, ол оңайға түскен жоқ. Өмірімде өте маңызды болған бұл рольді ешқашан ұмытпаспын. Ананың баласына деген сезімін, олардың арасында байланысын көрсеттім. Бұл тіршілігіміздің басты тақырыбы. Әрине бүкіл көрерменге әсер етті, себебі бәрінің де аналары бар ғой", – дейді Самал Еслямова.

Берлинмен қатар бұл күндері "Айка" фильмі Лейпциг, Потсдам, Дрезден мен Майнц қалаларында көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу