Германияның Қазақстанға инвестициясы өсіп келеді

1345

Сыртқы істер министрі Германияның лауазымды тұлғалары және ірі бизнес өкілдерімен кездесті.  

Германияның Қазақстанға инвестициясы өсіп келеді

ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов 19-20 тамызда Германияға ресми сапармен барып, өзінің әріптесі Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Хайко Маас және басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен кездесті.
Кездесу барысында екі жақтық қарым-қатынастың барлық қырлары, соның ішінде жоғары деңгейдегі байланыстар талқыланды. Министр Linde Group, GEA Group, Deutsche Post сынды 30-ға жуық ірі ұлттық неміс компанияларының қатысуымен бизнес "дөңгелек үстелін" өткізді. Неміс әріптестер Euler Hermes сақтандыру агенттігі арқылы ынтымақтастықты нығайту екі елдің іскер топтары үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.

Келіссөздер барысында тараптар тауар айналымының 2018 жылы 5,1 млрд долларға өсіп келе жатқанына оң баға берді. Қазақстан – Германияның Орта Азиядағы басты серіктесі. Өткен жылы жалпы сауда көлемі Германияның осы аймақ елдерімен сыртқы сауда операцияларының жалпы көлемінің 85%-ы Қазақстанға тиесілі болған. 
Соңғы 12 жылда Қазақстан Германиядан 8,6 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартты. Siemens, Wilo, Knauf, Metro Cash&Carry сында инвесторлармен 900 астам бірлескен кәсіпорындар құрылған.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу