Германияның көлік қызметкерлері жалпыұлттық ереуілге шықпақ

479

Елдегі кәсіподақтардың бастамасымен қоғамдық көлік жүргізушілері, теміржолшылар мен әуежай қызметкерлері жалпыұлттық наразылық акциясын өткізеді. 

Германияның көлік қызметкерлері жалпыұлттық ереуілге шықпақ Фото: Хабар 24

Германияның көлік саласының қызметкерлері жаппай ереуілге шықпақ. Демек елдегі қоғамдық көліктің бәрі бір тәулікке тоқтайды. Жексенбі күні Мюних әуежайында барлық рейстер тоқтап қалған.

Сала қызметкерлері биліктен жалақыны кемінде 10-12%ға көтеруді талап етіп отыр. Ал жұмыс берушілер болса, еңбекақыны 5%дан бастап біртіндеп көтеруді, сондай ақ 2,5 мың еуро көлемінде бір реттік төлем ұсынып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу