Қазақстанның үстел теннисі федерациясының бапкерлер кеңесі онлайн форматта жиын өткізіп, 2021 жылға арналған спорттық және бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын құрды, деп жазады Olympic.kz.
Егер елдегі және әлемдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсаратын болса, 2021 жылдан бастап төмендегі турнирлер өткізіледі: Қазақстан чемпионаты (Қарағанды), әлем чемпионаты (Корея), "Азия-Еуропа" халықаралық жасөспірімдер турнирі, А. Булахов атындағы турнир (Ресей) Қазақстанның ашық командалық чемпионатының І туры (Қарағанды), Ресей командалық чемпионатының ІІІ туры, Ақпан Батыр атындағы халықаралық турнир (Шымкент), "Наурыз" халықаралық турнирі (Павлодар), оқу-жаттығу жиындары.