Германияның Мангейм қаласында жантүршігерлік жайт болды

Оқыс оқиға карнавал шеруі өтіп жатқан орталық алаңда тіркелген. 

Германияның Мангейм қаласында жантүршігерлік жайт болды Фото: BBC

Жергілікті журналистер қаза тапқандардың бар екенін айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Bild мәліметі бойынша, адамдарды жаппай қағып өткен көлік жүргізушісі ұсталған. Күдікті Рейнланд-Пфальц тумасы, 40 жастағы неміс азаматы екені нақтылаған. 

Германия полициясы осыған орай қала орталығында ауқымды операция жүргізіп жатыр. Олар қала тұрғындарын Мангейм орталығына келмеуге және үйінен шықпауға шақырады. Себебі, аталмыш жағдай "өмірге қауіп төндіреді" деп бағаланады.

Жергілікті БАҚ соңы қайғылы жағдайға ұласқан оқиғадан кемі 25 адамның жарақат алғанын, көбінің жағдайы ауыр екенін жазған. Қайтыс болғандар да барын жеткізген. 

Полиция өкілдері тергеу жедел қарқынмен жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Күдікті қолға түссе де, қала орталығындағы барлық жол жабылған, қорқыныштың әлі сейілмегені байқалады. Орталықтан тыс барлық жол мен көпірде автомат асынған полицейлер құжат тексеруге кіріскен. Мұның бәрі тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Тіпті, Мангейм аспанында тікұшақтар қаланы бақылап жүр. 

Мангейм қаласында шамамен 320 мың адам тұрады, бұл – Баден-Вюртембергтегі екінші үлкен қала. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу