Германияның орталығында атыс болып, бір адам көз жұмды

1052

Германияның орталығында атыс болып, бір адам көз жұмды

Германияның Гессен федералдық аймағына қарасты Висбаден қаласында белгісіз біреу оқ атып, соның салдарынан бір әйел көз жұмды, деп хабарлайды сейсенбі күні неміс БАҚ-тарына сілтеме жасап "Интерфакс".

Тағы екі адам жараланды.

Полицияның мәліметі бойынша, оқиға қаладағы Бибрих қаласындағы  дүкендердің бірінде орын алды. Шабуыл жасаушы бірнеше рет оқ атып, оқиға орнынан тайып тұрған.

Қылмыскер туралы басқа ақпарат жоқ және оның мұндай қадамға не үшін барғаны да белгісіз. Тәртіп сақшылары тексеру жүргізіп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу