Германияның ЖІӨ-сі 3-тоқсанда 0,1%-ға өсті

3177

Экспорт 1%-ға, ал импорт 0,1%-ға көтерілді.  

Германияның ЖІӨ-сі 3-тоқсанда 0,1%-ға өсті

Бұл туралы Destatis деп аталатын Федералдық статистика бюросы мәлім етті. Көрсеткіштің өсуіне жеке және мемлекеттік тұтынушылықтың артуы түрткі болып отыр.

Германия ЖІӨ-нің үшінші тоқсандағы өсімі өткен кварталдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,1%-ға көтерілген. Ал былтырғы көрсеткіштен 0,5%-ға артық.

Бұған дейін бірқатар Bloomberg сарапшылары Германия экономикасы рецессияға ұшырайды деп болжам жасаған еді. Дегенмен соңғы экономикалық индикаторлар өнеркәсіптік өндірістің баяулауына қарамастан өсім көрсетіп отыр. Сонымен қатар бұған сыртқы сауда да оң әсерін тигізген.

Destatis дерегіне сүйенсек, үшінші тоқсандағы экспорт 1%-ға, ал импорт 0,1%-ға өскен.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу