GFI сараптамасына сәйкес Қазақстаннан оффшорға 167 млрд доллар шығарылған

785

Бұған дейін Ұлттық банкті басқарған төрағаның бірі оффшорда Қазақстанның 100 млрд доллардан астам ақшасы барын айтқан.  

GFI сараптамасына сәйкес Қазақстаннан оффшорға 167 млрд доллар шығарылған

Қазақстанның оффшордағы қаржысы Жалпы ішкі өнімнің жылдық көрсеткішіне теңесті, деп хабарлайды Atameken Business.   

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бүгін Global Financial Integrity сараптамасына сүйеніп, осындай мәлімдеме жасады. Заңсыз ақша ағыны мен көлеңкелі экономикаға зерттеу жүргізетін халықаралық агенттік Кипр, Швейцария, Панама сынды еркін аймақта Қазақстанның 167 млрд доллары жатқанын жариялапты. Әрине, депутат оны тексеру қажет дейді.

Дегенмен, шындыққа жанасатынына сенеді. Себебі бұған дейін оған Ұлттық банкті басқарған төрағаның бірі оффшорда Қазақстанның 100 млрд доллардан астам ақшасы барын растаған. Азат Перуашев инсайдерінің кім екенін ашып айтпады. Тек Сыртқы істер министріне депутаттық сауал жолдап, ақпарды анықтауды талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу