ГФР Қазақстан экономикасына инвестиция салуды жалғастырады

750

ГФР Қазақстан экономикасына инвестиция салуды жалғастырады

2018 жылғы 13 сәуірде ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Қазақстандағы ГФР елшісі Рольф Мафаэльмен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Вице-министр Арыстан Қабыкенов Германия Қазақстанның стратегиялық әріптестерінің және ірі инвесторларының бірі екенін айтты. Ол сондай-ақ екі ел арасындағы тауар айналымның оң қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға, өзара мүдделі салаларда екі жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірді.

Өз кезегінде елші Рольф Мафаэль Қазақстанда инвестициялық ахуалдың жақсарғанын және германдық бизнес қауымдастық Қазақстан экономикасына инвестиция салуды әрі қарай жалғастыратынын айтты.

Сонымен қатар, кездесу аясында тараптар биылғы жылы Қазақстан және Германия жерлерінде жоспарланған ірі іс-шараларды талқылады, және сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық жұмыс тобының 12-отырысын және бизнес-форумды өткізуге келісті.

Кездесу соңында тараптар өрбіген сұхбат үшін алғыс білдіріп, Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдде танытатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу