Америкалық Миннеаполис клиникасында комада жатқан Айдос Ермосынұлының тезірек сауығып кетуі туралы тілегін тағы бір атақты боксшы қазақстандық Геннадий Головкин білдірді. Ол Instagram-да арнайы хабарлама жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
"Денсаулық пен тезірек жазылып кетуіңді тілеймін", делінген хабарламада.
Бір күн бұрын оны Саул Альварес те қолдады.
Хабарланғандай, өткен демалыс күндері Ербосынұлы Кубалық Дэвид Моррельге ауыр нокаутпен WBA супер орта салмақтағы "тұрақты" әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте дес беріп, ауруханаға жатқызылды. Миға қан кетуі салдарынан Айдос жасанды комаға енгізілді.
Кейін Айдос командасы оның комадан шыққанын, өміріне ештеңе қауіп төндірмейтінін хабарлады.