GGG мен Деревянченко салмақтарын өлшеді

1200

Жекпе-жекті елорда уақыты бойынша ертең сағат 05:00-де "Qazaqstan" мен "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.       

GGG мен Деревянченко салмақтарын  өлшеді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, көз арбасты, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшы Головкиннің салмағы 159,2 фунт (72,21 килограмм) болса, ал Деревянченко 159 фунт (72,12 килограмм) тартты. Орта салмақтың шекті көрсеткіші — 160 фунт, яғни 72,574 килограмм.

Қос боксшы бұл кездесуде орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы белдігін сарапқа салады. Жекпе-жек ертең АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында әйгілі "Madison Square Garden" аренасында өтеді.

Сондай-ақ, аталмыш бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы – Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) америкалық Эндрю Эрнандеспен (20-7-2, 7 КО) қолғап түйістіреді. Ол да салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз арбасты.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу