GGG мен Деревянченко жекпе-жегін Sky Sports тікелей эфирден көрсететін болды

1090

Сондай ақ, АҚШ, Германия, Австрия, Испания, Италия, Канада, Швейцария, Бразилия және Жапония сияқты бірқатар елде бокс кешін DAZN ағынды платформасы көрсетеді. 

GGG мен Деревянченко жекпе-жегін Sky Sports тікелей эфирден көрсететін болды

Ұлыбританияның ең ірі Sky Sports телеарнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсететінін жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сондай ақ, АҚШ, Германия, Австрия, Испания, Италия, Канада, Швейцария, Бразилия және Жапония сияқты бірқатар елде бокс кешін DAZN ағынды платформасы көрсетеді.

Қазақстандық боксшы DAZN-мен алты жекпе-жекке күші бар келісімшартқа отырған еді. DAZN-мен келісімшарт бойынша бірінші жекпе-жекте Головкин төртінші раундта канадалық боксшы Стив Роллсты нокаутқа жіберді.

Еске сала кетейік, Деревянченкомен жекпе-жек 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша қос белбеу сарапқа салынады. Қазақстандық жанкүйерлер қос боксшы қатысатын бокс кешін жергілікті екі телеарнадан тамашалай алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу