GGG PPV рейтингінің шыңына шығуы мүмкін

755

GGG PPV рейтингінің шыңына шығуы мүмкін

YouTube-тағы GOATBoxing арнасы  Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің нокаутттарын салыстырып, арнайы бейнебаян жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша төрт бірдей белбеудің иегері, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасындағы жекпе-жек биыл 16 қыркүйекте өтеді. Оған жанкүйерлердің рекордтық саны жиналады деген болжам бар. Осы жекпе-жектің жеңімпазы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) кездесуі әбден мүмкін. Ол жайында ұлыбританиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен де айтып отыр. Ал Головкин мен Альварес арасындағы келісімшартқа келер болсақ, онда мексикалық боксшыға қарымта кездесуге мүмкіндік беріліп отыр. Бұл дегеніміз, Альварес ұтылса, Головкин міндетті түрде бұған келісуі тиіс. Ал қазақстандық боксшының өзі жеңіліп қалса, қарымта кездесуді талап ете алмайды.

Boxingnews24.com сайтының журналисі Дэн Эмброузтың ойынша, Головкинге "сарыбас" мексикалық жұлдызды нокаутпен жеңу керек. Егер бұл айқас та нокаутпен аяқталса, GGG кәсіби бокстың ғана емес, PPV рейтингі шыңына да шыға алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу