GGG промоутері Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

600

GGG промоутері Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер отандасымыз келесі жекпе-жегін мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске қарсы Қазақстанда өткізеді және болуы керек жекпе-жектің келісімшартына қол қойылмағанын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Әзірге ештеңе жоспарланған жоқ. Мен көптеген келіссөз жүргізіп жатырмын, Golden Boy-мен де, Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек өткізгенін қалайтындармен де. Бірақ әзірге ешқандай құжатқа қол қойылған жоқ. "Канеломен" де, Қазақстанмен де келіссөз аяқталған жоқ. Осы аптада біз үстелімізге не түсетінін көреміз. "Канеломен" келісімшартқа қол қоя алмаймыз, себебі ол әлі Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жек өткізуі керек. Бірақ осы жекпе-жектің іске асуы үшін біз қолдан келгеннің барын істеп жатырмыз", – дейді Том Леффлер.

Естеріңізге саламыз, Головкин 19 наурыз күні Нью-Йоркте өткізген кездесуінде америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

"Қазақстан" телеарнасында Головкиннің жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Таяуда Қазақстан өкілдері WBC президенті Маурисио Сулейманмен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу