Танымал журналист және ESPN телеарнасының комментаторы Дэн Рафаэль Туиттерде Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлермен серіктестікті тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтемемен ҚазАқпарат.
Қолданушылардың бірі Рафаэльден GGG-дің неліктен жыл соңына дейін телесеріктес таппағанын сұрады.
"Ол мұны істемегені анық. Леффлер жыл соңына дейін телесеріктес таңдаймын деген еді, енді Головкин онымен бірге жұмыс істемейді", – деп жауап берді шолушы.
Еске салайық, 2018 жылдың соңында Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр да Геннадийдің Леффлердің қызметінен бас тартуы мүмкін екенін хабарлаған еді.