Жетісу облысы, Ақши ауылы маңындағы Алакөл көлінде құтқарушылар қиын жағдайға тап болған екі демалушыға көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Гидроциклдің техникалық ақауы салдарынан демалушылар жағаға өз бетімен қайта алмай, шамамен бір шақырым қашықтықта қалып қойған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқару қызметі азаматтарды қауіпсіз түрде жағаға жеткізді. Абырой болғанда, оларға медициналық көмек қажет болмады.
Төтенше жағдайлар министрлігі судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңызын тағы бір мәрте еске салады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу