Гидрогельмен шөл даланы баққа айналдырмақшы

1245

 Гидрогельмен шөл даланы баққа айналдырмақшы

Өскемендік ғалымдар шөл даланы жайқалған баққа айналдырудың тың әдісін игеріп жатыр.

Жергілікті химиялық зертхана мамандары бір жыл көлемінде арнайы гидрогельді сынақтан өткізген. Кішкентай ғана түйіршік 200 есе су жұтуға қауқарлы. Бойына жиналған ылғалды уақытында өсімдікке жеткізіп отыратын гидрогель құнарсыз жерлерді бау-бақшаға айналдыруға үлкен мүмкіндік береді.

Жаңа тәсіл "Елбасының елді мекендерді көгалдандыру туралы тапсырмасын орындау жолында таптырмас мүмкіндік. Біздің есептеуіміз бойынша, гидрогель пайдаланылмай отырғызылған 50 ағаштың 20-сы ғана өсіп-жетіледі екен. Гель қолданылған ағаштар өскен жеріне тез бейімделіп, жылдам жеміс береді. Бұған былтыр көзіміз жетті. Енді гельді тұрақты пайдалануға бел буып отырмыз", - деді экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу