Гидротехникалық құрылыстардың үш жүзге жуығы халыққа қауіп төндіреді

Қаңтар және ақпан айларында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2°С жоғары болады деп болжануда.

Гидротехникалық құрылыстардың үш жүзге жуығы халыққа қауіп төндіреді Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қолда бар бір жарым мыңнан астам гидротехникалық құрылыстардың үш жүзге жуығы ықтимал қауіп төндіреді, олардың көпшілігі халықты жергілікті құлақтандыру жүйелерімен жабдықталмаған. Бұл ретте, ТЖМ тарапынан санатталған 76 гидротехникалық құрылым ғана тексерілетінін атап өткен жөн.

Осыған байланысты Су ресурстары және ирригация министрлігі мен әкімдіктер гидротехникалық құрылыстарды жергілікті құлақтандыру жүйелерімен жабдықтауы қажет", – деді министр. 

Су тасқынына дайын болмау салдарынан тоғандардың толып кету және жолдарды су басу проблемасы туындайды, атап айтқанда көлік қозғалысының үзілуіне және жекелеген елді мекендердің оқшаулануына әкеледі.
 
2023 жылдың желтоқсанында және 2024 жылдың 1 қаңтарында Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының автожолдарының шайылуы мен көшелердің су басуының 2 фактісі тіркелді. 

"Осыған байланысты, Көлік министрлігі әкімдіктермен бірлесіп автомобиль жолдарын жобалау және жөндеу кезінде жаңа жолдарды құруды немесе қолданыстағы су өткізу құрылыстарының өткізу қабілетін арттыруы қажет", – деді министр. 

Қазгидрометтің алдын ала болжамына сәйкес, еліміздің көптеген өңірлерінде қаңтар және ақпан айларында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2°С жоғары болады деп болжануда. Жауын шашын мөлшері де нормадан көп күтіліп отыр. Бұл ретте, 5 өңірдегі аумақтардың қардың түсуі 70%-ға дейін, 12 өңірде 90%-дан астам болуы мүмкін.

"Сондықтан, оңтүстік өңірлерге өткен жылғы ақпан айындағы су тасқынын ескере отырып, ал солтүстік өңірлерге желтоқсан айында (7-ден 15-ке дейін) температураның күрт төмендеуіне және қар жамылғысының болмауына байланысты топырақтың терең қату ықтималдығы бар, осыған орай осы өңірлерге қазірдің өзінде жоғары дайындық режиміне өтуі керек", – деді Сырым Шәріпханов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу