Гифудегі алғаш жүлдені Давид Ефремов сыйлады

793

Гифудегі алғаш жүлдені Давид Ефремов сыйлады

Жапонияның Гифу қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапынан алғашқы жүлдені қарағандылық Давид Ефремов еншіледі, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтына сілтемемен prosports.kz.

19 жастағы атлет 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден қола жүлдеге ие болды.

Іріктеу кезеңде ол аталған қашықтықты 13.79 секундта жүгіріп өтті. Ал қазақстандық басты қарсыласы саналған жапондық Рикуто Хигучи (13.61) мен тайбэйлік Лу Хао-Хуа (13.71) іріктеуде бірінші-екінші орынды өзара бөлісті.

Ал финалда Ефремов мәреге 13.81 секундта келді. Бас жүлде Лу Хао-Хуаға бұйырды. Ол бұл жарыста жеке рекордын жаңартты – 13.61 сек. Хигучи болса іріктеу кезеңіндегі көрсеткішінен 0.1 секундта кешігіп, екінші орынды қанағат тұтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу