Гималай өңірінде су тасқынынан 300-ден астам адам қаза тапты

1082

Су деңгейінің төмендеуіне қарамастан, ажал құшқандардың саны әлі де өсуі мүмкін. 

Гималай өңірінде су тасқынынан 300-ден астам адам қаза тапты Фото: reuters.com

Үндістан, Непал және Бангладештегі су тақынынан қаза тапқандардың саны 300-ден асты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

Үндістан билігінің дерегі бойынша, табиғаттың тосын мінезінен Бихар штатында 102 адам опат болған. Шай өндіретін Ассам штатында миллиондаған адам үйлерін тастап, басқа жерге қоныс аударған.

Ал Бангладеште 47 адам жазым болып, кемінде 120 кісі із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Мамандар 700 мыңнан астам жергілікті тұрғынды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерген. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, өзен суы қайта көтеріліп,елдің бес аймағында су тасқыны жүруі мүмкін. 

Жергілікті билік апаттан зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетіп, құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу