Гималайда қар көшкіні альпинистерді басып қалды

1180

Мамандар көшкін жүрген ауданға дереу тікұшақпен барғанмен ауа райының қолайсыздығынан қона алмай кері қайтуға мәжбүр болды.

Гималайда қар көшкіні альпинистерді басып қалды

Гималайда қар көшкіні жүріп, 7 альпинисті басып қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Олардың өлі денесін бірінші болып жергілікті тұрғындар кездестірген. Содан кейін құтқарушыларға хабарлаған. Алайда 4 непалдық гид пен 5 оңтүстіккореялық альпинистен тұрған топтың 2 мүшесі әлі табылмай жатыр.

Мамандар көшкін жүрген ауданға дереу тікұшақпен барғанмен ауа райының қолайсыздығынан қона алмай кері қайтуға мәжбүр болды.

Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары қайта жүріп жатыр. Құтқарушылардың айтуынша, бұл топтың лагері 3 жарым мың метр биіктікте болған.

Бірақ кенеттен қар борап, таудан көшкін жүрген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу