Ғимараттардың террористік қатынасқа беріктігі тексеріліп жатыр

1130

Ғимараттардың террористік қатынасқа беріктігі тексеріліп жатыр

Елорда әкімдігі сайтының мәлімдеуінше: "Астананың 20 жылдығын атап өту қарсаңында, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды".

Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының, жұмыс тобының басшысы Данияр Есиннің төрағалығымен Астана қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының жұмыс тобының отырысы өткізілді (ары қарай – ТҚК).

Отырыс барысында террористік қатынастарға осал объекттерді тексеру барысында күзет жүйесі, инженерлік қорғаныс, террористік бағыттағы қылмыстар болған жағдайдағы объект ұжымы мен басшылығының дайындығына қатысты бірқатар кемшіліктер табылғандығы атап өтілді..

Мәселелерді қарастыру қорытындысына байланысты террористік қатынастарға осал объекттерді террористік бағыттағы қауіп-қатерлерден келушілер мен ұжымның денсаулығы мен өміріне жеке жауапкершілік деңгейі анықталып, аталған тексерістерді қайта жүргізу туралы ұсыныс енгізілді.

Іс-шараға ТҚК жұмыс тобының мүшелері, құқыққорғау және арнайы, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Сонымен қатар, Астана қ. ІІД алдын-алу мақсатында террористік қатынастарға осал объекттер басшыларына құқықтық сауаттылықты арттыруға кеңес береді.

Еске сала кетсек, 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Терроризмге қарсы іс-қимыл" Заңының 10-3 сәйкес  Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілерді терроризмге қарсы қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау мақсатында тиісті өткізу режимін, объектілерге қойылатын қойылатын талаптарға сәйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету, өздеріне сеніп тапсырылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеуге, персоналды үй-жайларды қарап тексеру техникасына үйрету, жарғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуге,  жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау мен пысықтауға объектінің ақпараттық желілерін қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу