Гимнаст Нариман Құрбан Әлем кубогының күміс жүлдесін иеленді

737

Гимнаст Нариман Құрбан Әлем кубогының күміс жүлдесін иеленді

Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогінің кезеңінде қазақстандық Нариман Құрбан екінші орын иеленді деп хабарлайды olympic.kz.

Біздің спортшымыз атпен жаттығу кезінде 14,500 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды. Нариман әлем кубогі кезеңінде жапониялық қарсыласына ғана есе жіберді.

"Өкінішке қарай, мен өзімнің бар мүмкіндігімді көрсете алмадым. Күміс жүлдегер атанғаным одан әрі шеберлігімді арттырып, алға басуыма септігін тигізеді. Иә, өз әлеуетімді 100 пайызға пайдаланған жоқпын. Әйтсе де, соңғы кездері қандай ауыртпалықты бастан өткергенімді ескерсем, бұл - жақсы нәтиже. Алда биылғы маусымның ең маңызды додасы - Азия ойындары күтіп тұр. Аталған сынға үлкен жауапкершілікпен дайындалып жатырмын", - дейді Нариман Құрбанов.

Айта кету керек, бұл Құрбановтың алғашқы жеңісі емес. Ол Австралияда өткен әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ, жерлесіміз тек өзі ғана орындай алатын жаттығуымен ерекшеленеді. Атпен жаттығуда жасалатын The Kurbanov элементін әлемде Нариманнан өзге ешкім орындай алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу