Гиннесс рекордын орнату шарасын ұйымдастыруға белсенді атсалысқандар марапатталды

377

31 наурыз күні қазақтың ұлттық киімінен әлемдік рекорд орнату шарасына белсене атсалысқан 80-ге жуық азамат марапатталды.  

Гиннесс рекордын орнату шарасын ұйымдастыруға белсенді атсалысқандар марапатталды Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Облыс әкімінің марапатын алғандар қатарында рекордты ресми түрде тіркеуге атсалысқан демеушілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен еріктілер және БАҚ өкілдері бар.

Аймақ басшысы ата-баба аманатын орындап, ұлттық мұраны әлемдік деңгейге шығаруға атсалысқан әрбір адамның үлесі зор екенін атап өтті.

- Өздеріңізге мәлім, бұл - бір-ақ адамның қолымен бітетін шаруа емес. Мәдениетімізді ұлықтап, қазақтың ұлттық киімін әлемдік деңгейге шығаруда әрқайсыңыздың үлестеріңіз зор. Бірі ұйымдастыру жұмысына атсалысты, енді бірі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті, ал демеушілер мен еріктілердің еңбегі ерекше рөл атқарды. Өздеріңіздей азаматтар барда ұлттық рух өшпейді, ата дәстүріміз өлмейді. Баршаңызға алғысымды білдіремін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Айта кетейік, 22 наурыз күні Маңғыстауда 5 мың адам ұлттық киім киіп, әлемдік рекорд орнатқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу