Гипермаркеттен 200 данадан астам сыра ұрлаған әйел ұсталды

555

Күдікті әйел айлар бойы дүкенге келген сайын кассаның жанынан бөтелкедегі сыраны байқатпай алып өтуді әдетке айналдырған. 

Гипермаркеттен 200 данадан астам сыра ұрлаған әйел ұсталды Фото: polisia.kz

Астана қаласы Алматы ауданы полиция басқармасының тәртіп сақшылары гипермаркетте бірнеше рет айласын асырып, сыра сусынын ұрлаған, көбікті ішімдікті жақсы көретін азаматты анықтады.

Осылайша ол 200 данадан астам бөтелкедегі сыраны ұрлап үлгерген. Сотқа дейінгі тергеу барысында 41 жастағы қала тұрғыны кінәсін мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Полиция департаменті сауда орталығындағы саудагерлерге қырағы болуды және дүкендерде ұрлыққа қарсы шаралар кешенін орындауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу