Гипермаркеттен балалар тәттілерін ұрлаған екі астаналық ұсталды

510

Күдіктілер 50 мың теңгеден астам сомаға шоколад жұмыртқаларын иемденген.  

Гипермаркеттен балалар тәттілерін ұрлаған екі астаналық ұсталды Фото: Polisia.kz

Гипермаркеттен 50 мың теңгеге Kinder Joy тәттілерін ұрлаған екі астаналық ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға елордалық гипермаркеттердің бірінің өкілі жүгініп, бейтаныс адамдар сауда залынан Kinder Joy шоколад жұмыртқаларын ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Ұрлық сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда күдіктілердің жан-жағына қарап, оларды ешкім бақыламай тұрған сәтті пайдаланып, серіктесінің сөмкесіне тосынсыйлары бар шоколадтарды салып жатқаны көрінеді. Олар барлық ұрлаған Kinder тосынсыйларын сатып жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері 22 және 23 жастағы екі жігітті анықтады. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жігіттер мойындау көрсетпелерін берді, олардың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Күдіктілердің бірі Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу