22-23 ақпанда Жекпе-жек сарайында гір тасын көтеруден Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды аktobenews.kz.
"Негізі биыл ел чемпионаты бізде емес, басқа қалада өтуі керек еді. Бірақ гір спортының федерациясына өтініш беріп, қаланың мерейтойына байланысты Ақтөбеде өтуін сұрадық. Федерация өтінішті қабылдады. Бұл жарысқа тек елдің үздіктері емес, әлемнің мықтылары да қатысады. Себебі Қазақстан құрамасының сапында Әлем біріншілігін жеңген спортшылар бар", – дейді қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу