Ғизат Нұрдәулетов Дастан Сартаевқа сөгіс жариялады

7125

Бұл туралы Михаил Козачков өзінің Telegram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.  

Ғизат Нұрдәулетов Дастан Сартаевқа сөгіс жариялады

Михаил Козачков жариялаған бір беттік парақта Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің  Бас әскери прокурор Дастан Сартаевқа "сөгіс" түріндегі тәртіптік жаза берілгені жазылған. Бас Прокурордың №19 хаттамасы 4 қараша күні 029418 нөмірмен жарияланған екен. Аталған хаттамада:

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 22-бабына сәйкес басшы қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.

Бұдан басқа, "Прокуратура туралы" Заңның 37-бабының 4-тармағына сәйкес, Бас Прокурордың бұйрықтарын прокуратура органдарының барлық қызметкерлері орындауға міндетті.

Сонымен қатар Бас әскери прокурор Д.Ш. Сартаев лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамаған. Соның салдарынан Бас әскери прокуратураның жауапты қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ Д.Ш. Сартаев Бас әскери прокурор аппаратының басшысы А.А. Мұқашевты "лауазымын бір сатыға төмендету" түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының міндетін атқарушының 08.07.2021 жылғы №87/6 бұйрығын негізсіз орындамаған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығымен бекітілген "Прокуратура туралы" Заңның 37-бабының 4) тармақшасын, "әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңның 53-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік Жарғысының 28-тармағын, 67-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Дастан Шаймерденұлы Сартаевқа "сөгіс" түріндегі тәртіптік жаза қолданылсын.

2. Осы бұйрықпен мүдделі тұлғаларды таныстыру", деп жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу