Ғизат Нұрдәулетов ТМД қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуіне қатысты

508

Мәскеу қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 10-шы кездесуі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ғизат Нұрдәулетов ТМД қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуіне қатысты

Форумда ТМД кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың заманауи сын-қатерлері жағдайындағы өзара іс-әрекет мәселелері қарастырылды.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестерін Қазақстанның өңірлік қауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша ұстанымы жайында хабардар етті. 

Атап айтқанда, ол ашық және сындарлы саяси-дипломатиялық диалог кез келген дағдарыстан шығудың тиімді әрі оңтайлы жалғыз жолы екенін жеткізді.

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы өз баяндамасында ТМД-ның Оңтүстік шекараларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстандағы жағдайды тезірек реттеу қажеттігіне назар аударды.

Іс-шара аясында Ғизат Нұрдәулетов Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен екіжақты кездесу өткізді. 

Кездесу нәтижесінде екі елдің Қауіпсіздік кеңесінің аппараттары арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу