Glencore Қазақстандағы алтын өндіретін кенішті сатпайды

950

Glencore Қазақстандағы алтын өндіретін кенішті сатпайды

Швейцарияның Glencore Plc трейдингтік компаниясы Қазақстандағы алтын өндіретін "Васильковский" кенішін өзінде қалдыратын болды, деп хабарлайды Bloomberg-ке сілтеме жасаған LS

Басылымның ақпараты бойынша,  металдар нарығына  төрт жылғы тоқыраудан кейін жан біте бастаған. Ірі өндірушілер жан-жаққа зер сала бастапты.

"Көптеген ірі өндірушілер метал құнының төмендеп кетуінен инвестицияны қысқартып, қарыздарын азайту үшін активтерін сатуға мәжбүр болды.  Ал былтыр баға қайта өскен соң  өнеркәсіп дами бастады", – деп түсіндірді өндіруші  саланы инвестициялаушы банктердің сарапшылары.

Естеріңізге сала кетейік,  бұдан бұрын Glencore Plc Қазақстандағы "Васильковский" алтын өндіруші кеніштің 70% акциясын сататындығын хабарлаған.  Ол 2 млрд долларға қытайлық инвесторға сатылуға тиіс болатын.  Осылайша Glencore биылғы жылы  бағаның өсуі тұсында инвесторлардың оянған қызығушылығын ұтымды пайдаланып,  2016 жылы таза қарыз көлемін  18 млрд долларға және 2017 жылдың соңына қарай 15 млрд долларға қысқартпақшы болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу