"Gloria Cup 2019 Athletics" турнирінен жүлде түсті

856

16 қыркүйек күні Белкада (Түркия) "Gloria Cup 2019 Athletics" турнирі аяқталды. 

"Gloria Cup 2019 Athletics" турнирінен жүлде түсті

Жарысқа қазақстандық спортшылар қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнирге Қазақстан құрамасы сапынан Ольга Сафронова, Элина Михина және Надежда Дубовицкая қатысты.

Ольга Сафронова 100 м қашықтықты 11.58 уақытта бағындырып, қола жүлдегер атанды. Тағы бір қазақстандық Элина Михина дәл осы қашықтықта мәреге алтыншы (11.74.) болып жетті. Надежда Дубовицкая болса биіктікке секіру бойынша 170 см-ге секіріп, төртінші орынға ие болды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу