Глубокое ауданындағы жылу қазандығынан ақау шықты

306

Аудан тұрғындары былтыр жылусыз қалған риддерліктердің күйін кешуі мүмкін бе?

Глубокое ауданындағы жылу қазандығынан ақау шықты Фото: бейнеден скриншот

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы жылу қазандықтарының бірінен ақау шықты. Қазір қазандық өз жұмысын тоқтатты.

Оқиға орнындағы жағдай қазір аудан әкімінің бақылауында. Облыс әкімі де өз назарына алып, жағдайды қалпына келтіру үшін барлық қажетті ресурстарды жұмылдыруды тапсырды.

"Жауын-шашынның мол мөлшерде жауғанына және адам факторымен байланысты қазандық бункеріне қатты отын беру кезінде ылғалды көмір тиелгенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта бункер ылғалды көмірден тазартылды, құрғақ көмір тиелуде", - делінген аудан әкімдігінің мәліметінде.

Түске таман жұмыстар аяқталып, қазандық штаттық режимде жұмысын жалғастырмақ.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда қыс енді ғана басталды десек болады. Жергілікті тұрғындар былтырғы риддерліктер сияқты қыста жылусыз қаламыз ба деп алаңдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу