Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды

180

Голан жоталарында қызмет атқарып жүрген қазақстандық әскери қызметшілер мінсіз қызметі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы медальдарымен марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды Фото: Қорғаныс министрлігі

Бітімгерлік миссиясының қолбасшысы генерал-майор Анита Асма Қазақстанның әскери қызметшілеріне БҰҰ медальдарын табыс етті. Қазақстандық дербес бітімгерлік контингент Фауар базасында қызмет атқарып, Сирия Араб Республикасындағы Голан жоталарында атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді БҰҰ-ның ажыратуды қадағалау күштері құрамында орындап келеді. Медаль миссияда жүрген барлық 139 әскери қызметшіге берілді.

Қазақстандық бітімгерлер Ұйым базаларын күзету және қорғау шараларын күшейтіп, жергілікті тұрғындармен өзара іс-қимыл жүргізеді, сондай-ақ жауапкершілік аймағында тұрақтылықты сақтауға бағытталған міндеттерді атқарады.

– Контингенттің жеке құрамы жоғары кәсіби даярлықты, үйлесімділік пен жедел әрекет ету қабілетін көрсетіп отыр. БҰҰ медалі – әрбір әскери қызметшінің батылдығы мен тәртібінің, өз ісіне адалдығының және бейбітшілікті сақтау ісіне қосқан үлесінің мойындалуы, – деді бітімгерлік ротасының командирі Жәнібек Нұрланов.

2025 жылғы сәуірден бері контингент 55 тапсырманы орындап, 1200-ден астам жарылғыш зат пен 43 қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны залалсыздандырды. Жалпы, миссия басталғалы бері қазақстандық бітімгерлік контингенттің екінші құрамы 675 тапсырманы орындаған.

Еске салайық, Қазақстан Голан жоталарында алғашқы дербес бітімгерлік контингентін 2024 жылғы наурыз айында орналастырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу