Golden Line Қазақстанда жүк экспорты мен транзиті бойынша жұмысын күшейтеді

261

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Иранның Golden Line кеме қатынасы компаниясының негізін қалаушы әрі президенті Әли Акбар Эхсанимен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Golden Line Қазақстанда жүк экспорты мен транзиті бойынша жұмысын күшейтеді Фото: ҚР Үкіметі

Жеке компания тауарлардың транзитімен және экспортымен айналысады, контейнерлік тиеу және түсіру, сақтау қызметтерін, сондай-ақ Иранның Каспиан портында көлік-логистикалық қызметтердің басқа түрлерін көрсетеді. Бүгінгі таңда компания Қазақстаннан және Орталық Азияның басқа елдерінен, Ресей мен Әзербайжаннан Парсы шығанағы, Үнді мұхиты, Азия және Африка елдерінің порттарына түрлі жүктердің экспорты мен транзиті бойынша өз қызметтерін кеңейтуге мүдделі.

"Біздің қолымызда Бендер-Аббас портында 25 га контейнерлік алаң бар. Сондай-ақ біз порттағы қазақстандық терминал үшін ыңғайлы жерде тағы 30 га бөлуге және оның құрылысына өз инвестицияларымызды салуға дайынбыз. Біз Каспиан портына жүктерді тікелей жеткізуді ұйымдастыра аламыз", – деді Әли Акбар Эхсани.

Кездесу қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Golden Line компаниясының басшылығын қазақстандық әлеуетті әріптестермен кездесіп, жобаны талқылау үшін 20 шілдеде Ақтауда өтетін "Солтүстік – Оңтүстік" бірінші халықаралық көлік-логистикалық форумына қатысуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу