Goldman Sachs банкінің таза пайдасы 2,4 есе төмендеді

Алайда түсім болжамдардан асып түсті. 

Goldman Sachs банкінің таза пайдасы 2,4 есе төмендеді Фото: Fox Business

Америкалық Goldman Sachs Group банкінің таза пайдасы 2023 жылдың екінші тоқсанында 2,4 есе, кірісі 8%-ға төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

Банк мәліметіне сәйкес, оның сәуір-маусым айларындағы таза пайдасы өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 2,93 млрд доллармен салыстырғанда 1,22 млрд долларды құрады. Акцияға шаққандағы кіріс 7,73 доллардан 3,08 долларға дейін төмендеді.

Банктің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты бір реттік факторлар, соның ішінде тұтынушылық транзакцияларды қысқарту және активтерді басқару бизнесін қайта құру өткен тоқсанда банктің таза кірісін 1,4 млрд долларға немесе акцияға шаққанда 3,95 долларға төмендетті.

Goldman Sachs-тің тоқсандық кірісі бір жыл бұрынғы 11,86 млрд доллардан 10,9 млрд долларға дейін төмендеді. Көрсеткіш сарапшылардың орташа болжамынан 10,61 млрд долларға асып түсті.

Банктің таза пайыздық кірісі өткен тоқсанда 2,9%-ға төмендеп, 1,684 млрд долларды құрады, ал пайыздық емес кіріс 9%-ға төмендеп, 9,211 млрд долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу