Goldman Sachs: Доллар әлемдік резервтік валюта мәртебесінен айырылуы мүмкін

832

Халықаралық валюта қоры директорының орынбасары да осындай пікірде.

Goldman Sachs: Доллар әлемдік резервтік валюта мәртебесінен айырылуы мүмкін

АҚШ доллары әлемдік нарықтағы үстем позициясынан айырылуы мүмкін. Goldman Sachs америкалық қаржы конгломераты осындай болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сарапшылар доллардың қазіргі позициясын 20 ғасырдың бірінші жартысында британиялық фунттың әлемдік резервтік валюта мәртебесінен айырылуымен салыстырды. Бүгінгі таңда доллардың жаһандық төлемдердегі үлесі басым, бірақ АҚШ-тың әлемдік саудадағы үлесі салыстырмалы түрде аз. Құрама Штаттары ірі импорттаушы болып табылады, ал елдің сыртқы қарызы артуда.

Халықаралық валюта қоры директорының орынбасары, америкалық экономист Гита Гопинат та осындай пікірде. Оның ойынша, Ресейге қарсы салынған санкциялар әлемдік қаржы жүйесінің бөлінуіне әкеліп соғуы мүмкін. Әлемдік саудада басқа валюталар көбірек қолданылып, артынан орталық банктер доллардың үлесін азайтып, валюта резервтерін әртараптандыруы ықтимал.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу